Бәйдібекте көшпелі жиын өтті

0
1 306


Бәйдібекте көшпелі жиын өтті

Бәйдібек ауданында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынның негізгі мақсаты - мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан терорризмге қарсы саясатты, дін саласындағы жағдайлар бойынша халық арасында кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру, мемлекетіміздің рухани тірегі болған асыл дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау, халықтың ұлттық санасын ояту арқылы дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күресудің жолын түсіндіруді көздейді.

Жиынға аудандық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен комиссия жанындағы жұмысшы топтың мүшелері, аудандық, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары, ауылдық округтердің төбе билері, жалпы білім беретін мектептердегі «Зайырлық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімі Бақытбек Танагөзов жүргізді. Іс-шарада өзге діннің шырмауына шырмалып, темір торға қамалған тағдыр иелері жайлы түсірілген бейнеролик көрсетілді. Одан соң Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директорының орынбасары Мади Бесбаев, осы орталықтың теологы Файзулла Тайтелиев және облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Шолпан Мамытханова сөз сөйледі.

Жиын әріқарай көпшіліктің пікір алмасулары мен сұрақ-жауабына ұласты.