​Бәйдібекте «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті

0
2 636

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы «Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек. Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады» деген пікірін білдірген болатын.


​Бәйдібекте «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті

Президенттің тапсырмасын қолдау барысында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы орталығындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Педагогикалық идеялар фестивалі» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті өткізген шараға барлық елді мекендердегі білім ордалары мен балабақша және шағын орталықтардың ұстаздары, музыка жетекшілері мен тәрбиешілері қатысып, бақ сынасты.

Жиынды аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Гүлдария Базарбаева ашып беріп, фестивальдің басты мақсатымен, өткізілу жоспарымен таныстырды.

Фестивальдің мақсаты – педагогтардың кәсіби шеберлігін көтеру, білім беру кеңістігін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату, заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және педагог мамандығының имиджін дұрыс қалыптастыру болды. Осы мақсаттарды негізге алған педагогтар арнайы дайындалған тақырыптар бойынша жұмыстарын қорғады.

«Музыкалық – дидактикалық ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру» тақырыбын негізге алған Ағыбет ауыл округіне қарасты «Айсана» бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі Рабиға Серікбаева осы шарада баяндама жасап, фестивальдің жеңімпазы атанды.

Айта кету керек, Рабиға Серікбаева осы тақырыппен өткен облыстық фестивальге де қатысып, байқаудан жүлделі 2-орынды алып, ауданның үмітін ақтап шықты.