Бәйдібекте «Жемқорлықсыз ел – Гүлденген ел» тақырыбында конференция өтті

0
1 835

Жемқорлық – бұл бүкіл қоғамға қауіп төндіріп тұрған, ұлттық мәселе деңгейіне дейін көтерілген әрекет.


Бәйдібекте «Жемқорлықсыз ел – Гүлденген ел» тақырыбында конференция өтті

«Адал жол – честный путь» эстафеталық марафоны аясында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Жемқорлықсыз ел – Гүлденген ел» тақырыбында тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Конференцияда «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру және онымен күресу жолдарын бірге іздеу, «Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу» тақырыптарында хабарламалар оқылды. Шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, Т.Дүйсенбеков, еңбек ардагері Ж.Сұлтанбеков, аудандық сәулет-көркем мұражайының қызметкері М.Расулова жемқорлықпен күресу, оның алдын алу жөнінде сөз сөйлеп, өздерінің пікірлерін білдірді.

Жемқорлық – бұл бүкіл қоғамға қауіп төндіріп тұрған, ұлттық мәселе деңгейіне дейін көтерілген әрекет. Әлбетте, ол елдің толыққанды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға кедергі келтіреді. Менің ойымша, қай салада қызмет етіп жүргенімізге қарамастан, алдымен, бұл өзімізге байланысты дүние екенін ұғуымыз керек.
Сонымен қатар шарада «Парасыз қоғам – ұлт болашағы» тақырыбында арнайы бұрыш ұйымдастырылды.