​Бәйдібектіктер Елбасы фильмінен ерекше әсер алды

0
1 297

Еліміздің Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай өткізілген кинокартина көрсетілімі Тәуелсіздік жолындағы тарихи-тағылымдық оқиғаларды көрсетті.


​Бәйдібектіктер Елбасы фильмінен ерекше әсер алды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақан Сатаев түсірген «Елбасы жолы. Астана» фильмі аудан тұрғындары назарына ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихын қалыптастыру, оның ішінде Астана қаласын салу жолындағы Тұңғыш Президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы бейнеленген фильмдегі басты рөлдерде М.Ахманов, Ж.Байжанбаев, О.Ли, А.Сейітметов, А.Ілиясов, Г.Жақыпова ойнаған бұл кинокартинаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» және «Сатайфильм» киностудиялары түсірген.

Еліміздің Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай өткізілген кинокартина көрсетілімі Тәуелсіздік жолындағы тарихи-тағылымдық оқиғаларды көрсетті.

Елорда тариxы желісінде түсірген бұл фильмді аудан тұрғындары өте жоғары бағалап, патриоттық сезімге бөленіп, фильм соңында кинокартинадан алған әсерлерімен бөлісті.

Фильм барысында Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құруда еңбек еткені, ондағы армандары мен жоспарлары айқын көрініс тапқан. Аудан тұрғындары фильмнен соң Елбасы нұсқаған асқақ армандарды бағындыруға болатындығына көз жеткізді.