​БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

0
2 681

Спартакиаданың ашылу салтанаты «Жоғары спорт шеберлігі спорт кешенінде» өтті.


​БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті

фото авторы Tolkin Bakirhujaev

ERNUR.KZ. 28 маусым Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай дәстүрлi спартакиада басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.


Спартакиаданың ашылу салтанаты «Жоғары спорт шеберлігі спорт кешенінде» өтті.

Биыл жарысқа қатысуға 16 команда өтініш беріп, спорттың 8 түрінен бақ сынайтын болады.

Ашылу салтанатында Облыстық iшкi саясат басқармасы басшысының мiндетiн атарушы Бақыт Ахымбетов, Қазақстанның Құрметтi журналисi Байдулла Қонысбек, тағы басқа БАҚ басшылары құттықтап, iзгi тiлектерiн арнады.

Жарыстың ашылу салтанатынан соң командалық сайыстар ұйымдастырылды.

Жеңiл Спартакиадаға жоғары дайындықпен келген "Ернұр" корпорациясы қызметкерлерiнiң жолы болды.

Ұжымның желаяқтары мен допты әуеде шиiре ұратындарына тең келер қарсылас болмады. Ал бiлектiң буырқанған күшiн көрсеткен - "Рейтинг-Собкор" командасы Арқан тартудан алғы шепке шықты.

Сайыс кезінде жеңiмпаз атанып, жүлдегер болғандар:

Жеңiл атлетикадан

1-орын "Ернұр" корпорациясы
2-орын "Шымкент келбетi" газетi
3-орын "ТВК" арнасы

Арқан тартудан
1-орын "Рейтинг - Собкор"
2-орын "Жебе" баспа үйi
3-орын "Ақпараттық-талдау орталығы"

Волейболдан

1-орын "Ернұр" корпорациясы
2-орын "Оңтүстiк" телеарнасы
3-орын "Оңтүстiк Қазақстан" газетi.