Балабақшада өрт қауіпcіздік қағидалары түсіндірілді

0
3 533

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында сала мамандары балаларға тілсіз жау – өрт пен улы газдан сақтануды үйретті.


Балабақшада өрт қауіпcіздік қағидалары түсіндірілді

иллюстрациялық фото: moiklin.ru

Жақында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы №8 Өрт сөндіру бөлім бастығының орынбасары Айтымбетов Ерман мен Ордабасы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Абызбеков Бексұлтан «Аққу» бөбекжай балабақшасының қызметкерлері мен бүлдіршіндерге «Өрт қауіпсіздік ережелері мен иісті улы газдан сақ болыңыздар!» тақырыбында іс-шара өткізіп, қауіпсіздік шараларымен таныстырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шара адам өмірін қорғау, улы газбен улану және өрттердің алдын алу мақсатында өткізілді.

Қыс мезгілінде газдан улану оқиғалары жиі орын алатыны белгілі. Әсіресе, балабақшаларда жылыту құбырлары апаты орын алса, өрт шықса, иісті газдан бала уланса не істеу керек? "Жедел жәрдем" жеткенше әр адам қандай алғашқы көмек көрсете алады?

Сала мамандары осы жөнінде кеңінен түсінік беріп, балабақша бүлдіршіндеріне, тәрбиешілерге қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Іс-шара кішкентай балаларды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға, ептілікке үйретті.

Түсіндірме жұмыстарының соңында Ордабасы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің шығарған өрт қауіпсіздік қағидалары туралы және улы газдан сақтану жадынамалары таратылды.