Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды

0
1 951

Сейілхан Саттарханұлы 1949 жылы 19-шы қыркүйекте Түркістанда дүниеге келген.


Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден озды

Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, қыршын кеткен қазақтың талантты ұлы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов өмірден озды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сейілхан Саттарханұлы 1949 жылы 19-шы қыркүйекте Түркістанда дүниеге келген. 1970 жылы Сырлыкүл анамен отау құрып, 4 баланы өмірге әкелді. Ұлдарының есімдерін атап айтсақ: Саттархановтар Бағдат, Болат, Мақсат, Бекзат сынды ұлдарды тәрбиелеп өсірді.

Осы уақыт аралығында 30 жылдан астам медицина саласында фельдшер қызметін атқарып, 2000-2013 жылдар аралығында Бекзат мөлтек ауданының әкімі болып, қызмет атқарды. Бүгінгі таңда Бекзат мөлтек ауданында ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

ERNUR.KZ ұжымы Сейілхан Саттарханұлының отбасына қайғырып көңіл айтады.