Белгілі қаламгер Иса Омардың әдеби-сазды қайырымдылық кеші өтеді

0
2 285

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін әдеби-сазды кеш қайырымдылық концерті түрінде өтпек.


Белгілі қаламгер Иса Омардың әдеби-сазды қайырымдылық кеші өтеді

Шымкент қаласында белгілі қаламгер, «Замана» Баспа үйінің Бас редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Иса Омардың «Жүрек сазы» атты әдеби-сазды кеші өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін әдеби-сазды кеш қайырымдылық концерті түрінде өтпек. Көрерменге рухани азық сыйлайтын кеш осы жылдың 7 желтеқсанында Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясында өтеді.

Қаламгердің шығармашылығына арналған «Жүрек сөзі» кешінде авторлық әндер мен заманауи жырлар көрерменге ұсынылады. Сонымен қатар, облыстық филармония сахнасында көпке белгілі танымал әншілер мен талантты әртістер әннен шашу шашып, өнерсүйер қауымға керемет кеш сыйлайтын болады.

Ендеше, рухани азық болар өнер кешінің есігі Шымкент, Түркістан облысы тұрғындары мен қонақтарына және барша өнерсүйер қауымға айқара ашық.

Өтетін орны: Шымкент қаласында орналасқан Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония.

Басталуы: 2018 жылдың 7 желтоқсаны, сағат 17.00.