Белгілі ұстаз Әбдіғаппар Сманов өмірден озды

0
2 180

Әбдіғаппар Шәкірұлы Қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды.


Белгілі ұстаз Әбдіғаппар Сманов өмірден озды

Елге танымал дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов өмірден озды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ .

Елу жасқа жеткен шағында ел ағасы, белгілі дін қайраткері, ұстаз Әбдіғаппар Сманов қаза болды.

Әбдіғаппар Сманов 1970 жылдың ақпанында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келді. 1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы «Мағрифат» медресесінде (Өзбекстан) діни білім алды. 1994 жылдан бастап «Таяқты ишан» мешітінде бас имам және осы мешіт жанындағы медреседе ұстаздық қызмет атқарды.

2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап Сарыағаш медресе-колледжінің директоры болды.

Әбдіғаппар Шәкірұлы Қазақ топырағындағы Ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды.