Белсенді азаматтарға алғыс хаттар табысталды

0
2 051

Созақ ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласып, əлеуметтік-экономикалық дамуға өз үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталды.


Белсенді азаматтарға алғыс хаттар табысталды

Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округі əкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Амангелді атындағы жалпы орта мектебінің акт залында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тəуелсіздігі күніне арналған «Тəуелсіздік – еркін елдің ұраны» атты салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына 27 жыл толып отыр. Халықтың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы – Тәуелсіздікке еліміз оңай жеткен жоқ. Батыр аға-апаларымыздың халық мүддесі жолындағы батылдығымен, халықтың басын қосып біріктіре білген даналығымен, парасаттылығымен, ерік-жігерімен жетті. Үлкен азап пен төзімнің арқасында азаттық алған Қазақстан 27 жылда Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналды.

Осы жолда ел бірлігі, ұлттар татулығы, жалпы мемлекетіміздің өркендеп даму жолындағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, мәдениет қайраткерлері, әскери шенділер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін марапатталады. Бұл барлық облыс, қала, аудандарда үрдіске айналған.

Түркістан облысы, Созақ ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімдігі 14-желтоқсан күні осы мақсатта іс-шара өткізді. Іс-шарада Жібек жолы ауылдық округі əкімінің орынбасары А. Амирханов жиналғандарды мерекемен құттықтап, ауылдық округтің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

Іс-шара соңы Жібек жолы ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері ұйымдастырған мерекелік концертке ұласты.