Бірнеше істің басын ұстаған түркістандық тұрғын кәсібін тағы да кеңейтуді көздеп отыр

0
564

Кәсіпкер ауыл шаруашылығының бірнеше бағытын ұстанған.


Бірнеше істің басын ұстаған түркістандық тұрғын кәсібін тағы да кеңейтуді көздеп отыр

Түркістандық тұрғын отбасылық кәсіппен табысқа жетіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде отандық өнімнің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы, оның ішінде егін мен мал шаруашылығы құрайтыны анық. Осы орайда Түркістан облысының әр өңірінде жеке кәсібін ашып, мол табысқа жетіп жатқандар аз емес. Солардың бірі Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны Нұрбек Шалқаров.

Өз кәсібін осыдан 7-8 жыл бұрын жылыжай егуден бастаған 44 жастағы тұрғын бүгінде алғашқы кәсібімен қоса, бір мезгілде 14 бас қара мал бордақылайтын орталық, сиыр сүтін өндіретін орын ашқан. Сонымен қатар, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма ашу да жаспарда бар екен.

«Қазіргі уақытта 30 соттық жылыжай мен 20 соттық жерге еккен Ресей және голландтық сұрыпты қызанақ пен болгар бұрышын жинап алдық. Жалпы 7-8 тонна қызанақ пен 9-10 тонна болгар бұрышын жергілікті базарларға сатылымға шығардық. Енді жылыжайды екінші өнім ретінде қияр егуге дайындап жатырмыз. Одан бөлек, жыл сайын аталған өнімдердің көшетін дайындайтын көшетхана бар», - дейді Шалқаров Нұрбек.

Жұмыс көлеміне қарай 4-5 тұрғынды еңбекпен қамтып отырған диқан бұл істің барлығы отбасылық кәсіп екенін де айтып өтті.