Биыл Қазығұрт ауданында 200 орындық қос мектеп пайдалануға беріледі

0
1 501

Ал тағы бір білім ордасы 2021 жылы пайдалануға беріледі.


Биыл Қазығұрт ауданында 200 орындық қос мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Қазығұрт елді мекені мен Жаңабазар ауыл округінде 200 орындық екі мектептің құрылысы жүруде. Қос білім ұясы да биыл жаңа оқу жылы қарсаңында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетерлігі, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт елді мекеніндегі 200 орындық мектеп құрылысын жүргізіп жатқан мердігер "Андас-Групп" ЖШС-і. Жер көлемі - 2 гектар. Мектеп 2 қабатты. 200 балаға шақталған.
Сондай-ақ, ауданда осы жылы Жаңабазар ауыл округі, Қазақ ССР 20 жылдығы елді мекенінде 200 орынға арналған "К.Әзірбаев" жалпы орта мектебінің құрылысы басталады. Білім ордасы 2021 жылы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, Қазығұрт ауыл округі, Ащыбұлақ елді мекеніндегі «Ашыбұлақ» жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат құрылыстары жүргізілуде.