Биыл Отырар ауданы алғаш рет көгілдір отынға қол жеткізеді

0
2 350

Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 558 млн теңге қаржы қаралған.


Биыл Отырар ауданы алғаш рет көгілдір отынға қол жеткізеді

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір және Темір ауылдары биыл қатты отын жағудан құтылады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 558 млн теңге қаржы қаралған, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жалпы 2014-2016 жылдары 4 млрд. 181 млн. теңгеге ауданды табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Бүгінде 51,4 шақырым магистарлдық газ құбырын жүргізу және АГТС құрылысын салу жұмыстары аяқталған. Аудан көлеміндегі бір-біріне және Шәуілдірге жақын орналасқан 22 елдімекенге газ жүйесін жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға бюджеттен қаржы бөлінген. Егер жоба толығымен іске асса, аудан халқының 71 пайызы көгілдір отынмен қамтылатын болады», – деді адан әкімі Ерлан Айтаханов.

Одан бөлек ауданда 12 пәтерлік 2 қызметтік үйдің құрылысы жүргіп жатыр. Шәуілдір ауылында бой көтеретін тұрғын үйдің жалпы құны 311,6 млн. теңге . Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша 2019 жылға өтпелі. Биыл атқарылатын құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы қаралған.