"Біз - бейбіт ел Ұланы" атты кеш өтті

0
2 387

Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округіне қарасты, Абай атындағы жалпы орта мектебінде тәуелсіздік мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты елді мекендердің бірінде ел тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай "Біз бейбіт ел - Ұланы" атты тақырыпта концерттік бағдарлама болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округіне қарасты, Абай атындағы жалпы орта мектебінде тәуелсіздік мерекесіне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аталған мектепте "Біз бейбіт ел - Ұланы" атты тақырыпта концерттік бағдарлама болып өтті. Тәуелсіздіктің 27 жылдығы құрметіне орайластырылған іс-шарада мектеп оқушылары тәуелсіздік туралы, отансүйгіштікке тәрбиелейтін, патриоттық мазмұндағы өлеңдер оқыды. Ән мен жырдан шашу шашылған, рухты өлеңдер оқылған тәуелсіздіктің құрметіне арналып өткізілген бұл концерттік бағдарламасының өту барысында бейне роликтер де көрсетілді.

Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылы, Абай атындағы жалпы орта мектебінде өткен «Біз бейбіт ел -Ұланы» атты мерекелік іс-шараға қатысушылардың әсері керемет болды.