"Біз медаль үшін емес, балалардың өмірі үшін жанталастық" - Арыстағы "Алтын Тұмар" балабақшасының меңгерушісі

0
2 533


Меңгерушісі медальмен марапатталған Арыстағы «Алтын Тұмар» балабақшасы бүгінде қалыпты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елді дүрліктірген төтенше жағдай салдарынан зақымданған балабақша ғимарат күрделі жөндеуден өткен. Демеушілер тарапынан арнайы орындықтар мен ойыншықтармен қамтылған балабақшаның ауласына да ойын құрылғылары жаңадан орнатылыпты.

Сол күнгі оқиғаны балабақша ұжымы көздеріне жас ала отырып еске алады.
- Есепшінің көлігіне 17 бала, күзетшінің көлігіне 12 баланы салған. Ал, қалған 84 баланы тәрбиешілер мен балабақша ұжымы қолдарынан жетектеп жол бойына алып шыққан. 27 қызметкердің барлығы өз отбасын емес, балабақшадағы балаларды ойлады. Сәбилерді көтеріп, жүре алатындарын жетектеп жүрдік. Бар ойымыз балаларды аман алып қалу болды, - дейді балабақша меңгерушісі Гауһар Уалиханова.

Айта кетейік, жуырда Гауһар Шалбайқызы жақында ҚР Президентінің қолынан «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған еді.
- Біз медаль үшін емес, балалардың өмірі үшін жанталастық. Алғыс алу ойымызда да болған жоқ, - дейді ол.