«Біз жемқорлыққа қарсымыз» сайысы болып өтті

0
5 206

Жобаның басты мақсаты: Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру және де оқушылардың арасында әртүрлі іс-шаралар жүргізу.


«Біз жемқорлыққа қарсымыз» сайысы болып өтті

фото: ds04.infourok.ru

Түркістан облысы, Арыс қалалық білім бөліміне қарасты №8 В.Комаров атындағы жалпы орта мектебінде «Адал ұрпақ» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Мен баламын! Мен адаммын!», «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты жемқорлыққа қарсы сурет сайысы болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жобаның басты мақсаты: Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру және де оқушылардың арасында әртүрлі іс-шаралар жүргізу. Сонымен қатар, жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша ынталыларды мадақтау.

Ерікті «Адал ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен өткен іс-шараде тек суретшілер ғана бақ сынамай, түрлі спорттық ойындар жарысы, театрланған көріністер қойылымы және де мектеп кітапханасында кітап көрмесі де есігін айқара ашты. Балаларға аталмыш шарада жемқорлыққа қарсы тұруды насихаттап, адал болуға шақырды. Көрмедегі суреттерден де мұны анық байқауға болады.

Жемқорлыққа қарсы іс-шаралар «Адал ұрпақ» клубтарының ұйымдастыруымен көптеген аудандарда жалғасын тауып жатыр.