Боралдайдағы петроглифтер бүлініп жатыр

0
4 081

ERNUR.KZ. ​Түркістан қаласының оңтүстік-шығысындағы Теректі ауылынан 6 км қашықтықтағы «Боралдай петроглифтері» бүлініп жатыр.


Боралдайдағы петроглифтер бүлініп жатыр

ERNUR.KZ. Түркістан қаласының оңтүстік-шығысындағы Теректі ауылынан 6 км қашықтықтағы «Боралдай петроглифтері» бүлініп жатыр. Теректі жылғасының Боралдай өзеніне құятын жерінің жоғары жағында төбедегі тарихи жәдігердің тақтайшасын жақында белгісіз біреулер бүлдіріп кеткен. Өйткені көне құндылықтарды бақылайтын ешкім жоқ.

фото авторы: Ғани Назарбек

Әрісі қола дауірі, берісі 6-7 ғасырларға жататын жәдігерлер жайлы алғашқы мәліметтер 1905 жылы «Туркестанские ведомости» газетінде жарияланды. Одан кейін оны ғалымдар бернеше рет зерттеген. Қазақ жері, әсіресе Қаратау аймағында өмір сүрген ру-тайпалар туралы мәлімет беретін осынау ескерткішке келгендер тасқа қашалған жазулардың үстіне өз «таңбасын» қалдыруды әдетке айналдырған.

фото авторы: Ғани Назарбек

фото авторы: Ғани Назарбек

"Құнды тариxи жәдігерлерді көзбен көргенде мүлдем қараусыз және аянышты жағыдайда екенін көрдік, бұлай қараусыз тұра беретін болса екі жылда ізін де таппай қалуымыз мүмкін",- дейді ОҚО тұрғыны Ақыл Әбдіқадыров.