«Бөрте милка» ЖШС жылдың үздік бренді болып танылды

0
3 174

Аталған кәсіпорын «Түркістан өнімдері - 2019» үздік тауарлардың көрме жәрмеңкесінің үздігі атанды.


«Бөрте милка» ЖШС жылдың үздік бренді болып танылды

Түркістан қаласында алғаш рет «Түркістан өнімдері - 2019» үздік тауарлардың көрме жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, іс-шаралар «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау көрмесімен жалғасын тапты, – деп хабарлайды ERNUR.KZ. тілшісі.

Іс-шарада ірі компаниялар ғана емес, сондай-ақ, шағын және орта бизнес өкілдері де өздерінің өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Атап айтар болсақ, Түркістан облысының 100-ден астам өнім өндірушілері және екі мыңнан астам Қазақстанның басқа қалаларынан да келушілер қатысты. Көрме –жәрмеңкеге алғаш рет көптеген жаңа компаниялар қатысты. Олардың арасында киімдер өндірісімен айналысатын «ЖК Хываева», Минералды су өндіретін «Қуаныш-Керемет» ЖШС, медициналық бұйымдар алып келген «Marai E7 Group» ЖШС, кальциленген тұз өндірісімен «Тағай Ата» ЖШС, түрлі дәм өндіретін «Ұлы дала құрты» ЖШС және тағы басқа да кәсіпорындар өз өнімдерін орталық алаңға алып шықты.
Іс шарада көрмені тамашалаушыларға арналған лоторея ойнатылды. Облыстың тауар өндірушілері демеушілік жасап, түрлі бұйымдарды жүлдеге тікті.
Қорытындысында «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және өзге де номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Облыстық кезең бойынша үздік шыққан тауар өндірушілер Астана қаласында өтетін «Қазақұстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне қатысу құқығын алды.
Айта кетейік, жылдың үздік бренді болып «Бөрте милка» ЖШС танылды.