​«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Түлкібас ауданында

0
1 726

Дін – нәзік әрі күрделі мәселе.


​«Дәстүрлі құндылықтар керуені» Түлкібас ауданында

Облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын Түлкібас ауданында жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Керуен құрамындағы Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы және басқа да белгілі азаматтар келіп еркін форматта әңгіме-сұқбат өткізді.

Аталған жиынды өткізудегі басты мақсат – облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру. Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу және мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.

Дін – нәзік әрі күрделі мәселе. Өйткені, діни сенім адам құқығының ежелден келе жатқан табиғи феномені. Діннің еліміздегі бірліктің бір діңгегі әрі рухани тірегі болуына ел Президенті мен Үкіметі тарапынан ұдайы назар аударылып келеді.

Күні кеше Елбасымыздың жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында біздің тарихымызбен дәстүріміз туралы да кенінен тоқталған.

Түлкібас ауданындағы дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда ауданда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты 48 мешіт жұмыс жасауда.