Дәурен Абаев түркістандықтармен кездесті

0
924

Тұрғындар мәселесі айтылды.


Дәурен Абаев түркістандықтармен кездесті

ҚР Мәдениет және спорт министрі түркістандықтармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлердің, депутататтардың, әртүрлі дәрежедегі ведомсвто басшыларының, әкімдердің халықпен жиі кездесу өткізіп тұруы керектігін айтқан болатын. Осы орайда Мәдениет және спорт министрі өңірлерді аралап жүр.


Министр алдымен Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті. Түркістан музыкалық-драма театрында өткен жиынға өңіріміздің әр аймағынан келген азаматтар және зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесуде алдымен министр баяндама жасап, одан кейін тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берілді.


Кездесуде әдебиет сыншысы, публицист Құлбек Ергөбек мәдениет саласына қатысты пікірін ортаға салды.


"Жақында ғана Түркістанда Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін сақтап қалу туралы жиын өткен-ді. Сол жиынды алыс-жақын шет елдерден келген мамандар ойын ортаға салды. Сонда түйгенім – кесенені сақтап қалу үшін кешенді зерттеу қажет. Бұл бір күнде яки, бір аптада түйінін тарқата салатын мәселе емес. Сондықтан да министр Дәурен Абаев мырзаға бір ұсыныс айтпақшымын. Елімізде өлкетанушылардың сьезі біраз жылдан бері өтпей қалды. Осыны қайта жаңғыртып, өлкетанушылардың сьезін түркі жұртының рухани астанасы Түркістан қаласында өткізуді ұсынамын", – деді Құлбек Ергөбек.


Министр тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескеріліп, тиісті дәрежеде жұмыс істелітінін жеткізді.

Бөлісу