Депутат «Төле би» фильмі жайлы: Бұл барып тұрған коррупция

0
2 218

​Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында депутаттар Төле би туралы фильмнің түсіріліміне қаржы бөлуге қарсы болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Депутат «Төле би» фильмі жайлы: Бұл барып тұрған коррупция

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында депутаттар Төле би туралы фильмнің түсіріліміне қаржы бөлуге қарсы болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

3 жылға арналған облыс бюджетін нақтылау кезінде мемлекеттік құқық мәселелері және жергілікті өзін өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері мәдениет саласына бөлінетін 258 млн теңгені қызу талқылады.

-«Төле би» атты фильмге қаржы бөлгенше, Төле бидің мұражайын ашуға жұмсамаймыз ба? Тұрар Рысқұловтың мерейтойы болады. Соған неге жұмсамаймыз? Мұражайға келген адам Төле би жайлы барлық ақпаратты алады. Насихатталады. Ал киноны кім көреді? Бір жерден бір мекемені тауып алып жасағандарың не? Бұл барып тұрған коррупция…», - деді облыстық мәслихат депутаты Дулат Әбіш.

Халық қалаулысының айтып отырғаны - облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен қолға алынбақ болған қазақтың төбе биі Төле Әлібекұлының өміріне арналған 10 сериялы фильм. Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оңтүстіктің киелі, тарихи орындары мен тұлғаларына арналған фильмдерге қаралған қаржының үлкен көлемі де қынжылтты. Әсіресе, фильм түсірілімі мемлекеттік конкурссыз бір мекемеге жүктелуі заңға қайшы, - дейді депутат.