«Диуани хикметтің» ең көне нұсқасы мұражайға тапсырылды

0
1 901

«Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб қарпіндекөшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан(1887–1901), Ыстамбұл(1901), Ташкент(1902–11) баспаларынан жарық көрген.


«Диуани хикметтің» ең көне нұсқасы мұражайға тапсырылды

ERNUR.KZ. Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Түркия Республикасы, Стамбул қаласынан ясауитанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауидің 27-ші ұрпағы, «Yeseviocaklari» журналының бас редакторы Исметулла Ясауи іс-сапармен келді. Қорық-мұражайда өткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған ол мәдени іс-шара барысында Исметулла Ясауи салтанатты түрде Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» қолжазба кітабын «Әзірет Сұлтан» қорық-музейіне тапсырды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, «Диуани хикмет»–Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәпсірлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб қарпінде көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан(1887–1901), Ыстамбұл(1901), Ташкент(1902–11) баспаларынан жарық көрген.

Осылайша, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен қатар қос қуаныш аталып өтті.