Ел аумағындағы жылыжайдың жартысынан астамы Түркістан облысында орналасқан

0
751

Қазіргі таңда жылыжайдан жалпы 64 860 тонна өнім жиналған.


Ел аумағындағы жылыжайдың жартысынан астамы Түркістан облысында орналасқан

Биыл Сарыағаштағы 665 гектар жылыжайға көкөніс егілген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан бойынша жылыжай көлемінің 60 пайыздан астамы Түркістан облысы Сарыағаш ауданына тиесілі. Биыл аталған аймақта 665 гектар жылыжайға көкөніс егіліп, қазіргі таңда жылыжайдан жалпы 64 860 тонна өнім жиналған. Халықтың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ауданда биыл егіс көлемі - 69 807 гектарға жеткен. Жалпы аудан бойынша егістен өнім жинау жұмыстары әлі де жалғасуда.

Сондай-ақ, ең үлкен қарқынды бау –Сарыағаш ауданында орналасқан «АгроФуд Қазақстан» ЖШС. Серіктестіктің жер көлемі - 215 гектар, оның ішінде қарқынды бау - 200 гектарға жуық. Атап айтқанда, 92 гектары - алма, 70 гектары - шабдалы, 22 гектары - алша, ал 13 гектары - алхоры. Түгел тамшылатып суару технологиясы енгізілген. Қарқынды баудан былтыр жалпы 550 тонна өнім алынса, биыл қазірге дейін 160 тонна жеміс жиналған. 2016 жылы жұмысы басталған серіктестікте 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал маусым кезінде 170 адам жұмыс істейді.

Одан бөлек, ауданда мемлекеттік грант алып мал шаруашылығын дамытып отырған шаруалар да баршылық. Соның бірі Құркелес ауылының тұрғыны Абдурахманов Азамат. 2019 жылы 505 мың теңге грант алып, бүгінде үй іргесіндегі қорада мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысып келеді.