Елбасының сыныптасы түркістандықтармен кездесті

0
643

Деректі фильмнің тұсауы кесілді.


Елбасының сыныптасы түркістандықтармен кездесті

Жетісай халқы Елбасының сыныптасымен жүздесті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Тұңғыш Президентіміз Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы, жерлесіміз, ауданның құрметті азаматы Роза Төлемісова аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу кешке аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Тойым Жүнісов, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында алғаш болып сөз алған, аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев:"Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлем мойындаған саясаткер. Тұңғыш Президентіміз - қазіргі әлемнің тарихындағы кемеңгер тұлға. Мемлекет басшысының бастамасымен тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елдің астанасын арқа төріне ауыстырып, жер бетіндегі ең сәулетті қалаға айналдырды. Елбасымыздың арқасында тәуелсіз мемлекетіміз тұғырлы елге айналды. Нұрсұлтан Әбішұлының әліде ел үшін аянбай еңбек етіп жүргенін көз көріп жүр. Біздің елде салынған "Тәуелсіздік көпірі" "Тәуелсіздіктің 20 жылдығы каналы" өзгеде керемет дүниелердің салынуы Елбасымыздың арқасында деп нық сеніммен айта аламын. Аудан жұртшылығының атынан біздің ел үшін жасаған еңбегіне ризашылығымды білдіремін",- деді. Одан кейін аудан әкімі Елбасының сыныптасына сый-сияпат жасап құрмет көрсетті.

Кездесу кезінде Елбасымыз жайында түрлі естеліктер айтылып, "Тәңірдің сыйы" атты деректі фильмның тұсауы кесіліп көрермендерге көрсетілді.