Еліміздің ардагер спортшылары Түркістан облысында бақ сынауда

0
2 411

15 тамыз күні бастау алған турнир 24 тамыз күні қорытындыланады


Еліміздің ардагер спортшылары Түркістан облысында бақ сынауда

ERNUR.KZ. Түркістан облысында ардагер спортшылар арасындағы турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Ережеп» демалыс аймағында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай қазақ ғылымына еңбегі сіңген тұлға, Түлкібас ауданының тумасы Оразбек Қалдыбаевты еске алуға арналған ардагерлер арасындағы шахматтан республикалық турнир бастау алды.


Атап айтсақ, 15 тамыз күні бастауалған турнир 24 тамыз күні өз мәресіне жетеді.

Айта кетейік бұл турнирге еліміздің барлық өңірінен 68 ардагер спортшы қатысып, өзара жеңімпазды анықтайтын болады.