«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

0
4 343

Кітап көрмесінің көпшілік назарына ұсынылуына ұйытқы болған — аудандық орталық кітапхана.


«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Түркістан облысы Отырар ауданында аудандық орталық кітапхана мен Д.Құрманбеков атындағы колледж қызметкерлерінің бірлесуімен 16 желтоқсан — Қазақұстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кеш өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма жеті жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Осыған орай, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, туған елге деген сүйіспеншіліктерін артыру, Тәуелсіздіктің бағасын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шара аудандық мәдениет сарайында салтатанны жиын түрінде өтті. Осы шараға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесіне қойылған барлық еңбектер — Тәуелсіздікті ңжемісі, егемен еліміздің жетістіктерінің айғағы болды. Онда тәуелсіздікке жету жолындағы халқымыздың бастан өткерген тарихы туралы кеңінен мағұлматтар берілді. Іс-шараға жастардың арнайы дайындаған мерекелік бағдарламасы көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.