«Ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық» тақырыбында түсіндірме сабағы өтті

0
2 372

Түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі мақсат: қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.


«Ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық» тақырыбында түсіндірме сабағы өтті

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-интернаты жанында орналасқан жатақханада қыздар арасында ерте жүктілік пен тазалық, зорлық-зомбылық, гигиена ұстану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізудегі мақсат: қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Кездесуге "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің және емхана психологтары, мектеп басшылығы, мектеп медбикесі, жатақханада орналасқан және жоғарғы сынып оқушы қыздары қатысты. Өз кезегінде мамандарға қыздар да көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.