"Ет дегенде бет бар ма?" Елімізден экспортталатын еттің жартысына жуығы Түркістан облысында өндіріледі

0
1 420

11 айдың ішінде 2798 өтінім түскен.


ERNUR.KZ. Қазақстаннан экспортқа шығатын еттің 45,2% Түркістан облысына тиесілі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында белгілі болды, деп жазады Elitar.kz.

Биыл облыстағы мал шаруашылығын дамыту үшін 1850 бас ірі қара сатып алу жоспарланған еді. Дегенмен, Дегенмен, сұраныс 1,5 есе асып кетті. 11 айдың ішінде 2798 өтінім түскен. 1581 ірі қара сатып алу мақсатында несиелер мақұлданып, берілді.

«Облыста АӨК дамыту бағдарламасы аясында 2025 жылға дейін қуаттылығы 400 басқа дейінгі 44 сүт-тауарлы фермасын және 400 бастан асатын 11 сүт-тауарлы фермасын салу жоспарлануда. Жыл соңына дейін «Қазына жер ЛТД» ЖШС сүт фермасын 500 басқа дейін қосымша кеңейтеді», - деді Ж.Түймебаев.
Облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 2018 жылдың 10 айында 475,6 млрд теңгені құрады, физикалық көлем индексі - 103,4%. Бұл көрсеткіш бойынша облыс Қазақстанда екінші орында келеді.