Гауһар Ана кесенесіне келушілерге арнап автотұрақ салынды

0
4 466

Түркістан қаласынан оңтүстікке қарай 4 шақырым жерде Түркістан-Шәуілдір автокөлік жолынан солға қарай 500 метр тұста Гауһар ана кесенесі орналасқан. Гауһар ана кесенесі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК құрамына діни-рухани ескерткіштер ретінде тізімге алынған.


Гауһар Ана кесенесіне келушілерге арнап автотұрақ салынды

Былтырғы жылы кесенеге келушілерге арналған автотұрақ салынып, айналасы темір шарбақпен қоршалды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнекамералар орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл аталған кесене аумағында абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарға алынған.
Айта кетсек, 2015 жылы Қожа Ахмет Ясауидің қызы Гауһар анамыздың кішігірім бейітіне «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қайта кесене тұрғызды. Кесене аумағындағы негізгі жұмыстар 2016 жылдан бастап қолға алынды. Жантақ, шеңгел басқан аумақ гүлзарлармен абаттандырылып жүйелі түрде ағаш көшеттері отырғызылды. Ескерту, белгі тақтайшалары қайта жаңартылып, Гауһар ана кесенесі туралы 3 тілде жазылған ақпараттық тақтайша орнатылды. Алыс-жақыннан ағылатын туристердің легі көп болатын болғандықтан заманауи талапқа сай дәретхана салынды.

Дереккөз: Түркістан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі