Қазығұрттық бағбанның арулар мерекесіне сыйы дайын

0
1 685

ERNUR.KZ. ​«Гүл Мансұр» ЖШС шаруа қожалығында қазір гүл атаулының ең өтімді және ең сүйкімді түрі саналатын голландық раушан дәл қазір қауызын ашып, көздің жауын алардай әсем күйде. Қожалықтың төрағасы Хамзамеддин Сабиров 2012 жылдан бері өз қаржысы есебінен 1 гектарға гүл егеді.


Қазығұрттық бағбанның арулар мерекесіне сыйы дайын

ERNUR.KZ. «Гүл Мансұр» ЖШС шаруа қожалығында қазір гүл атаулының ең өтімді және ең сүйкімді түрі саналатын голландық раушан дәл қазір қауызын ашып, көздің жауын алардай әсем күйде. Қожалықтың төрағасы Хамзамеддин Сабиров 2012 жылдан бері өз қаржысы есебінен 1 гектарға гүл егеді.

Бүгінде раушан гүлі жайқалған жылыжайда жұмыс қауырт. Мұнда 15 адам гүлді баптап, отбасын асырауда. Енді «8 наурыз қыз-келіншектер» мерекесі қарсаңында аудан, облыс көлеміндегі тапсырыс берушілерге 50 мыңға жуық гүл жөнелтеді.

Қызығы, кәсіпкер Хамзамеддин «розаның» 1 данасын 250 теңгеден сатады екен. Ал, сіз сүйіктіңізді қуанту үшін раушан гүліне қанша қаржы жұмсайсыз?