​«I LOVE AÝYL» - Түркістан театрында премьера сахналанды

0
1 290

Сахна төріне аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының және сазды-драма театрының ықылас гүлдері қойылды.


​«I LOVE AÝYL» - Түркістан театрында премьера сахналанды

Түркістан қаласындағы Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Хұсейін Әмір-Темірдің «I love aýyl» атты шығармасы сахналанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қойылған қойылымда әртістер«Туған жер», «Отан», «Ауыл», «Атамекен» тақырыбындағы әндер орындалып,тағдыр тәлкегіне түскен төрт әжейдіңшалғай ауылдағы өмірі суреттеледі. Комедия жанрына негізделген оқиға желісі шырайы кеткен ауылдың жер телімін түгелдей сатып алып ойынхана (казино) саламын деген қалталы азаматтың ой өзгеріп, ауылдың гүлденуіне күш салудағы әрекетімен түйінделген.

Премьера аяқталғанда театр әртістеріне, шығарма авторы мен қоюшы режиссері – Нұржан Ізтаевқа көрермендер ерекше қошемет көрсетті. Сахна төріне аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының, сазды-драма театрының ықылас гүлдері қойылды.

Өз кезегінде автор Хұсейін Әмір-Темір театр ұжымының еңбегін жоғары бағалап, шығармашылық табыстар тіледі.Сондай-ақ, сазды-драма театрының директоры Ержан Исатаевқа бірнеше туындыларын сыйға тартты.