Із-түзсіз жоғалып кеткен өзбекстандық жігіт Түркістан облысында ұрлық жасаған

0
1 311

Өзбекстан Республикасының азаматы Хошимов Ориф 2005 жылдан бері із-түзсіз жоғалғандардың тізімінде болған.


Із-түзсіз жоғалып кеткен өзбекстандық жігіт Түркістан облысында ұрлық жасаған

Із-түзсіз жоғалып, туыстары тірі екендігінен күдер үзген өзбекстандық жігіт Түркістан облысынан қылмыс үстінде табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы АПБ-нің «102» кезекші бөліміне дүкен ұрлығына қатысты хабарлама келіп түскен. Тергеушілер қылмыс болған жерге жетіп, шатыр арқылы белгісіз біреудің дүкенге еніп, 100 000 теңгеден астам соманы құрайтын азық-түлікті ұрлағандығын анықтады. Болған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша СДТБТ-іне тіркелді. Полицейлер күдікті тұлғаны анықтап тұтқындауға кірісті.

Полиция бөлімінде бағытталған қылмысты ашу үшін тәжірибелі жедел өкілдер санатынан арнайы топ құрылды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Өзбекстан азаматын тұтқындады. Сондай-ақ тұтқындалған ер адам жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған күдікті ретінде табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы «ұрлық» және «денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бойынша жауапкершілікке тартылады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарымен анықталғандай, күдікті 2005 жылдан көрші мемлекетте хабар ошарсыз жоғалып кеткендер қатарында болған және ата-анасы іздеу салған. Қазір ұсталғанды анықтау үшін республикаға оның әкесі мен ағасы келді. Ер адамның үйінен жасөспірім кезінде шығып кеткендігі және ата-анасының оны табудан бар үмітін үзгендігі белгілі болды. Осы жылдар аралығында жас жігіт Қазақстанның бірнеше облысында болып, әртүрлі жұмыстармен айналысқан.

Қазір Түркістанның полицейлері қолында тек қана туу куәлігі болған Өзбекстан азаматын құжаттандыру үшін қажетті іс-әрекеттердің барлығын атқаруда.
Тергеушілер айтып өткендей күдікті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Өз кезегінде күдіктінің әкесі Ориф Хошимов Ордабасы ауданының полицейдеріне ұлын тауып бергені үшін алғысын айтуда.