​Қазақстандағы алғашқы электронды "ULYS" журналы таныстырылды

0
1 497

Журналды «iOS» және «Android» жүйелеріндегі қосымша арқылы телефонға немесе планшетке тегін жүктеп алып, кез келген уақытта оқи беруге болады.


​Қазақстандағы алғашқы электронды

Журналдағы мақаланы оқумен қатар, аудио жазбасын тыңдауға немесе бейнежазбасын көруге мүмкіндік бар. Түркістан қаласында "ULYS" журналының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиынға Қазақстандағы алғашқы электронды "Ulys" журналының бас редакторы Ержан Қалымбайұлы қатысып, журналдың құрылымы мен мазмұнын түсіндіріп, кең көлемде таныстырды.
"ULYS" сөзін таңдауда бірнеше факторларға жүгіндік. "ULYS" көне түркі сөздерінің бірі. «Жошыханның ұлысы», «Шыңғысханның ұлысы», деп айтылады. Сондай-ақ, «Ұлы іс» - деген мағына білдірсін деген мақсатта осы атауға тоқталдық – деді ол.
Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы небір жалған ақпараттар таралып жатқан тұста сапалы әрі нақты ақпараттар қоғамға қажеттігін жеткізді.
Ұлттың сапасына бірден бір негіз болатын фактор ақпарат болғандықтан біз түрлі салалардағы сараптамалық материалдарды береміз. Ақпараттың сапалы болуы басты назарда. Әр санында 20 мақала жарияланады. Оларды зерттеу институттарының мамандары жазады. Алдағы уақытта электронды басылымның ауқымын халықаралық деңгейде шығаруды жоспарлап отырмыз. Журналды «iOS» және «Android» жүйелеріндегі қосымша арқылы телефонға немесе планшетке тегін жүктеп алып, кез келген уақытта оқи беруге болады, деді Ержан Қалымбайұлы.
Аталған жиынға философия ғылымдарының кандидаты Жанат Момынқұлов, басылымның техникалық директоры Болат Әскер, сондай-ақ облыстық ішкі саясат, мәдениет саласының мамандары мен баспасөз өкілдері, студенттер қатысты.

Бүгінгі күнге дейін журналдың үш саны жарық көрген. Соңғы үлгідегі тәжірибелерге негізделіп жасалған журналдағы мақаланы оқумен қатар, аудио жазбасын тыңдауға немесе бейнежазбасын көруге мүмкіндік бар.