​«Қазақтың келіндері-ай»: Отырарда келіндер сайысы өтті

0
4 273

Отырарда келіндер байқауы өтті.


​«Қазақтың келіндері-ай»: Отырарда келіндер сайысы өтті

Отырар аудандық мәдениет сарайында «Қазақтың келіндері-ай» атты аудандық байқауы болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Байқау Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау, қазақ келініне тән әдемілік, әдептілік, ізеттілік және ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған. Келіндер бәйгесіне аудандық 13 ауыл округі бойынша 12 келін қатысты.
Байқау шымылдығын Қазақстан Республикасының Мәдениет үздігі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Е.Үмбет ашып, келіндерге сәттілік тіледі.
Келіндер қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, тағам түрлерін әзірлеу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктері бойынша бақ сынасқан шараға Халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Қалыбекова Әселхан Әлшеріқызы, Білім саласының ардагері, зейнеткер ұстаз Үмбетова Шәрипа Икрамханқызы, Шәуілдір а/о әйелдер кеңесінің төрайымы Тұрлыбекова Мейрамкүл Полатқызы қазылық етті. Қазылардың шешімі бойынша байқаудың бас жүлдесін Балтакөл а/о Бердіқұл Қазына келініміз қанжығаласа, І-орынды Көксарай а/о Құдайбергенова Лаура, ІІ-орынды Маяқұм а/о Өмірбаева Ырыскүл, ІІІ-орынды Шәуілдір а/о Алишова Айгерім және Аққұм а/о Құдредулдаева Нұржамал иеленді. Сондай-ақ, Отырар а/о Дәулетбекқызы Аягөз «Парасатты келін» номинациясымен, Шілік және Темір а/о келген Ержанова Құндызай, Сүлейменова Ұлжан «Инабатты келін» номинациясымен марапатталды. Байқауға қатысушы барлық келіндерге диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.