​Қазығұртта коворкинг-орталығы ашылды

0
1 382

Коворкинг орталығының мақсаты кітап оқырмандарына барлық жағдай жасалған Wi-Fi аймағы арқылы – ыңғайлы жағдай жасау.


​Қазығұртта коворкинг-орталығы ашылды

Қазығұрт ауданында орналасқан оқырмандар үйінде коворкинг-орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі Қазығұрт ауданы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқырманның назарын кітапханаға аударудың тиімді тәсілі – кітапханалар жүйесін жаңарту, заман талабына сай құрылғылармен жабдықтау. Осыған орай, еліміздің бірқатар аймақтарында коворкинг-орталығы құрылған болатын. Коворкинг орталығын іске қосу - кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірбиеге негіздеу. Сондай-ақ, бұл орталық Қазығұрт ауданына да келіп жетті.

Аудан орталығынан орын тепкен К.Өмірәлиев атындағы кітапхана базасынан коворкинг-орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына аудан басшысы Төлеген Телғараев, аудан ардагерлері, сондай-ақ, кітапхана ұжымы мен мектеп оқушылары қатысты.

Орталықтың жай күйімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Коворкинг орталығының мақсаты кітап оқырмандарына барлық жағдай жасалған Wi-Fi аймағы арқылы – ыңғайлы жағдай жасау. Сонымен қатар, интернетке шығатын компьютерлерден тұратын Интернет аймағы – электронды жұмыс орнымен толық қамтылды.