​Қазығұртта «қызыл сызыққа» шыққан сауда орындары бұзылады (видео)

0
2 519

Жол бойындағы тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аталған сауда нүктелерін Шарапхана ауылы маңына көшіру көзделген.


​Қазығұртта «қызыл сызыққа» шыққан сауда орындары бұзылады (видео)

Видео Күнгей Кз парақшасынан алынды

Алматы-Термез халықаралық автожолының Қазығұрт ауданы тұсындағы 4 заңсыз сауда нүктесі анықталып, оларға сауда-саттықпен айналысатын қосымша жер телімі беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, халықаралық автодәліздің кеңюіне байланысты бұл сауда орындары «қызыл сызыққа» өтіп кеткен.

Сондықтан жол бойындағы қауіпсіздік талаптарын ескерген жергілікті билік тұрғындардың амандығы үшін аталған сауда нүктелерін Шарапхана ауылы маңына көшіру көзделіп отыр. Әрі сол маңнан арнайы жер телімі де қарастырылған.