Қазығұрттағы "індеттің бетін қайтарған" пирамидалар заңсыз салынғаны белгілі болды

0
1 998

Аталған жайылымдық жердегі заңсыз салынған құрылысты тоқтатуы керек екенін хабарлаған.


Қазығұрттағы

Қазығұрт ауданында салынған пирамидалар заңсыз салынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, осының алдында Түркістан облысы Қазығұрт тауындан пирамидалар салынып жатқаны туралы аудио және бейне жазбалар тарағанын хабарлаған едік.
Аталған видеода өзін ғылыми орталықтың мүшесі ретінде таныстырған ер кісінің түсінде Мұхаммед пайғамбарды көріп, оның аян бергенін айтқаны, аян бойынша, осы Қазығұрт тауының басында мұнан 12 мың жыл бұрын пирамида болғаны, ол пирамидалардың елді қауіптен қорғағаны және қазір құлап қалған пирамидаларды қайта тұрғызу керектігін айтқан. Сонымен қатар, пирамидаларды тұрғызған орталықтың мүшесі осы нысандарды тұрғызғаннан кейін, аурудың бәсеңдегенін алға тартқан.
Алайда, осы жағдайды ескерген Жаңабазар ауылдық округінің әкімі Асқар Ақжолов Қазығұрт ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.Ақшораевқа Жаңабазар ауыл округі Жаңаталап елді мекенінің жоғарғы жағы, Төлеби ауданымен шектесетін аудан қорының жеріне белгісіз азаматтар заңсыз құрылыс салып жатқандығын және осыған байланысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуді сұрапдеп хат жолдағаны белгілі болды.
Одан бөлек, Қазығұрт ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Алсеитов Шымкент қаласының тұрғыны Б.Артықалиев хат жолдап, аталған жайылымдық жердегі заңсыз салынған құрылысты тоқтатуы керек екенін хабарлаған.