​Қазығұртық жас саяхатшылар тарихи-өлкетану бойынша саяхат жасады

0
2 081

Олар Қазығұрт "Кеме қалған" монументіне саяхат жасап, дүниетанымын кеңейтті.


​Қазығұртық жас саяхатшылар тарихи-өлкетану бойынша саяхат жасады

Жуырда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты жалпы білім беретін Комсомол орта мектебінің оқушылары Түркістан облысы және Қазығұрт ауданының тарихи-көрнекілік орындарына барып, саяхат жасап қайтты , деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Он алтыншы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында орналасқан Комсомол жалпы білім беретін орта мектебінің бірқатар оқушылары және жетекшілері тарихи-өлкетану мақсатында туған өлкенің тарихымен танысу мақсатында саяхат жасап қайтты.

Комсомол жалпы білім беру мекемесінің жетінші сынып оқушылары Саяси қуғын сүргін құрбандарына арналған монументіне және Абай хакім, Тарихи өлкетану музейлеріне танымдық-тағылымдық өресін байыту мақсатында сапарлап қайтты. Сондай-ақ Қазығұрт "Кеме қалған" монументіне саяхат жасап, дүниетанымын кеңейтті.

Оқушылармен бірге жасалған саяхатқа Оңғар Нұрболат жетекшілік етті. Сонымен қатар, осы аудандағы Елшібек батыр мектеп-лицейінің оқушылары да мұндай саяхаттан қалыс қалмады. Олар Тарихи өлкетану, Қуғын сүргін мұражайларына және «Мега» ойын-сауық орталығына саяхат жасап қайтты. Саяхатқа Сапарқұлова Ғалия жетекшілік жасады.

Саяхатқа атап айтқанда Комсомол жалпы білім беретін орта мектептен 7 сыныптың 21 оқушысы, сондай-ақ, Елшібек батыр мектеп-лицейінен 8 сыныптың 13 оқушысы саяхатқа қатысты.