Келес ауданында «Алтын күз-2018» іс-шарасы өтті

0
1 764

Аудан тұрғындарының қажырлы еңбегінің нәтижесінде биылғы жылы 27071,1 тонна астық, 49785 тонна бақша өнімдері жиналған.


Келес ауданында «Алтын күз-2018» іс-шарасы өтті

Түркістан облысы Келес ауданында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдерінің ұйымдастыруымен іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес ауданы орталығы Абай ауылында Мүсір Артықов көшесі бойында орналасқан қазақи нақышта салынған заманауи Қымызхана алаңында, Келес ауданында алғашқы рет «Алтын күз-2018» жәрмеңкесі өтті. Шара барасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі түрлі көкеністер орналастырып арзандатылған бағада жәрмеңкеге келген қонақтарға үйлестірді. Келес аудандық мәдениет қызметкерлері тарапынан түрлі сахналық көрініс қойылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара барысында Келес аудан әкімі Ақментай Есбаев ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады.
2018 жылы аудан бойынша 7066 га астық, 209,5 га май дақылдары, 1898,5 га бақша дақылдары, 2163,6 га картоп, 7129 га көкөніс дақылдары, 3875 га мал азық дақылдары барлығы болып 23127 га жерге егістік егіледі.
Бүгінгі таңға осы егіс алқаптарында өндірілген өнім толық жиналып алынды. Аудан тұрғындарының қажырлы еңбегінің нәтижесінде биылғы жылы: 27071,1 тонна астық, 49785 тонна бақша өнімдері, 47228,8 тонна картоп, 648,6 тонна май дақылдары дәні, 10956,2 тонна жеміс, 16879,8 тонна жүзім, 180120,1 тонна көкөніс өнімдері өндірілді. Өндірілген көкөністің 10336,1 тонна жабық топырақ жағдайында өндірілді.
Өткен жылмен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі өнімінің барлық түрі бойынша артты.