​Келес ауданында студенттер арасында байқау өтті

0
2 223

Алты мамандық бойынша үздіктер марапатталды.


​Келес ауданында студенттер арасында байқау өтті

Түркістан облысы Келес ауданындағы №13 колледжде "Worldskills сollege-2018"байқауы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес ауданы Абай ауылындағы №13 колледжде "Worldskills сollege-2018" колледжішілік мамандықтар арасындағы байқауының ашылу салтанаты болды. Оған студенттер белсене қатысып, мамандықтар жайында ән айтып, би биледі.

Алғашқы болып "Ауыл шаруашылығындағы тракторист-машинист" мамандығының студенттері сайысқа түсті. Байқаудан суырылып шыққан студенттер облыстық "Worldskills -2019" чемпионатына жолдама алады. Жеке жүргізу (автодромда) МТЗ-80 тракторының басқару органдарымен таныстырып оталдыру, орнынан қозғалтып тура жүріп, МТЗ-80 тракторын қиын жолдармен айдап жүру және тракторды оңға, солға айдап жүру әрекеттерін орындады. 3-курс студенттеріСоқаға түсініктеме беріп, Соқаны тракторға тіркеу және жер жырту жаттығулары (ілмекті, ілмексіз, аудару жырту тәсілі, жыға жырту тәсілі, жырту тереңдігін өлшеу) сияқты шарттарды орындап өз белсенділіктерін көрсетті.

«Worldskills college-2018» байқауның жоспарына сәйкес "Электрогазымен дәнекерлеуші", "Арнайы тігінші", "Электронды Есептеуіш Машиналарының операторы", "Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" және «Аспаз» мамандығы бойыншада байқау өткізілді. Әр мамандық бойынша байқау жеңіпаздары арнайы сыйлықпен марапатталды.

Байқаудың мақсаты - ұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады.