​Келес ауданының полиция қызметкерлері марапатталды

0
2 966

Іс-шара барысында Келес ауданы әкімінің орынбасары Серік Зәкірұлы Ішкі істер органының қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, аудан әкімі А.Есбаевтың алғыс хатын табыстады.


​Келес ауданының полиция қызметкерлері марапатталды

Келес ауданының полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Қылмыстық іздестіру саласына – 100 жыл» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

1918 жылы 5 қазанда РСФСР Халықтық Комиссариатының алқасы шешімімен Қылмыстық іздестіру қызметі құрылды. Қауіп-қатермен байланысты қызмет батылдықты, ерік-жігерді, өзін-өзі бақылауды, ақыл- ойдың күшін талап етеді.
Биыл қылмастық іздестіру саласының қызметіне 100жыл толуына орай Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Келес АІІБ-нің ұйымдастыруымен «Қылмыстық іздестіру саласына – 100 жыл» атты іс-шара өтті. Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Қарақұлов, Келес аудандық сот төрағасы Н.Ешпанов, Келес ауданы прокурорының орынбасары М.Ахмедов, Келес АІІБ-нің басшысы полиция полковнигі Ш.Оңғаров және Келес АІІБ-нің жеке құрамы қатысты.
Іс-шара барысында Келес ауданы әкімінің орынбасары Серік Зәкірұлы Ішкі істер органының қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтап, аудан әкімі А.Есбаевтың алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ Келес АІІБ-нің ардагерлерімен бір қатар қызметкерлеріне алғыс хаттар мен «Қылмыстық іздестіру саласына – 100 жыл» төс белгілері табыс етілді. Келес ауданы прокурорының орынбасары М.Ахмедов қылмастық іздестіру саласының қызметкерлерін құттықтап өз сыйлығын табыстады.
Келес АІІБ-нің басшысы полиция полковнигі Ш.Оңғаров аудандағы АІІБ-нің 5 қызметкеріне шен табыстап, алдағы уақытта еліміздің тыныштығы үшін аянбай еңбек еттін айтып салатанатты іс-шараны аяқтады.