​«Келесім – ата мекенім» атты мерекелік кеш өтті

0
2 263

Салтанатты іс-шара Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығының қарсаңында өтті.


​«Келесім – ата мекенім» атты мерекелік кеш өтті

Түркістан облысы Келес ауданында Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығының қарсаңында Келес өңірінің тумасы, ел басшылығында жүрген Оңғар Исаев сынды ел ағаларының ұйымдастыруымен «Келесім – ата мекенім» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысына қарасты Келес ауданының қайта қалпына келтіруіне арналған мерекелік жиынға арнайы дастарқан жайылып, Келес ауданының өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне, дамуына елеулі үлес қосып, аянбай еңбек етіп дүниеден өткен ел ағаларының рухына арнап Құран оқылып, дұға жасалды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекелік жиынға аудан әкімі, әкімдіктің қызметкерлері, бірқатар бөлім басшылары, орақ ауызды, өткір тілді ақындары мен патриоттық әндерді дүниеге келтірген сазгерлері және әншілер қатысып, кеш қонақтарын мерекемен құттықтап, жүрек-жарды лебіздерін жеткізді.

Мерекелік іс-шарада ұзақ жылдар бойы қалалық Сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған Келестің тумасы талантты архитектор, көптеген мемлекеттік мәні зор, ірі жобалардың авторы Асқар Мамырбаев пен ақын Бақытхан Сұлтахановтың сөзіне жазылған Келес ауданының абзал азаматы Әбдімәлік Тастеміровтың «Құтмекенім Ақкелесім» атты әндері шырқалып, кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Елдің болашағына бағыт-бағдар беретін мұндай бастамаға жиналған қауым дән риза. Берері мол, айтары көп жиынды ұйымдастырған ағалар аман болсын, ал біз інілер қашанда ізеттілікте болайық. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы құтты болып, Келес ауданының болашағы жарқын болсын!» дейді Келес өңірінің тумасы, халықтың қошеметіне бөленген әнші Заман Нұрханов.