Келестік шаруаларға ауылшаруашылық саласын субсидиялау бойынша жиын өтті

0
1 143

Жиында «Ырыс-өркендеу» қаржыландыру шарттары, ауылшарушылық тауар өндірушілерін инвестициялық субсидиялау, инвецтициялық субсидия арқылы қаржыландыру механизімі таныстырылды.


Келестік шаруаларға ауылшаруашылық саласын субсидиялау бойынша жиын өтті

Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Ырыс-Өркендеу» бағдарламасы бойынша ауылшаруашылығы техникалары мен жабдықтарын лизингке қаржыландырудың бағыттары мен шарттарын түсіндіру бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Оңтүстік Аймақтық Инвестиция орталығының басқарма төрағасының орынбасары Абилдинов Тимур Оңалұлы, «Ырыс» МҚҰ директорының орынбасары Ерлан Лесбекұлы Ержанов, Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Данабекұлы Жаңбырбаев, Келес ауданы әкімшілігінің Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Абишев Ергешбай Жұмабайұлы, ауыл, ауылдық округтер әкімдері, аудандық шаруақожалықтар иелері мен кәсіпкерлер қатысты.

Жиында «Ырыс-өркендеу» қаржыландыру шарттары, ауылшарушылық тауар өндірушілерін инвестициялық субсидиялау, инвецтициялық субсидия арқылы қаржыландыру механизімі сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілерін инвестициялық субсидиялау бағыттарына түсіндірме баяндамалары оқылып, жиынға қатысқандар тарапынан қойылған ұсыныс-сұрақтарға жауап берілді.