Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына 390 млн теңге қаржы қаралды

0
2 761

​Оңтүстік Қазақстанда төртүлікті Конго қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Ол үшін бюджеттен 390 млн. теңге қаржы қаралған. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты ветеринария бөлімі арнайы кесте құрып, қажетті дәрілерді бөлу басталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.


Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына 390 млн теңге қаржы қаралды

Оңтүстік Қазақстанда төртүлікті Конго қырым қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды. Ол үшін бюджеттен 390 млн. теңге қаржы қаралған. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты ветеринария бөлімі арнайы кесте құрып, қажетті дәрілерді бөлу басталды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Биыл 2 млн. 325 мың ірі қара 8 млн. 729 мың ұсақ мал 61 млн. шаршы метр қора қопсы мен 21 мың шаршы метр буферлік аймақ залалсыздандырылады дейді сала мамандары. Осы шараға 50 тонна сұйық , 230 тонна ұнтақ дәрі қажет екен. Биылғы және бір ерекшілік кенеге қарсы қолданылатын дәрінің түрі өзгертілген. Айтуларынша жылда қолданылып жүрген «Делтометрин» мен «Полисардың» орнына белсенділігі күшті дәрі қолданылмақ .

Базарбек Омаров, облыстық ветеринария бөлімінің басшысы: «Биыл «Дуплекс плюс» ұнтағы мен «Кралин Х» сұйық дәрісін қолданамыз. Бұл дәрілердің кенеге қарсы белсенділігі күшті».

Облыстың ветеринарлары сол дәрінің белсенділігін арнайы зертханада тексеруден өткізіп жатыр. Биылғы залалсыздандыру жұмыстары үшін бюджеттен бөлінген 390 млн. теңге өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда артық. Көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмысына 600 маман жұмылдырылады.