Кентауда қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу іс-шаралары жүргізілуде

0
1 169

Төтенше жағдайлар қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарда халыққа ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Кентауда қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу іс-шаралары жүргізілуде

Түркістан облысы, Кентау қаласында және оған қарасты ауылдарда қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу ережелері жөнінде ақпараттандыру іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы Кентау қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірге жылу маусымында орын алатын өрттердің алдын алу мақсатында халыққа үгіт-насихат жасап, қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Алдымен, білім беру ұйымдарында оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізіп, тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелері, улы газбен уланудың негізгі себептері мен алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға өрт қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратылды.
Содан кейін, төтенше жағдайлар қызметкерлері адамдар көп жиналатын «Әсем» сауда кіші маркетінде, «Рахмет» ойын-сауықтыру сауда орталығында, «Sulpak» тұрмыстық техника сауда орталығында, Береке базарында, Ынтымақ алаңында халыққа қысқы кезеңді қауіпсіз өткізу туралы тақырыптарда ақпарат беріп, арнайы дайындалған жадынамалар таратты.
Сонымен бірге, Кентау қаласы, Ерубаев көшесінде коммуналдық қызметтер төлемақысын төлеуге жиналған тұрғындарға да төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар түсіндірілді.