​Кентауда жыл сайын 100-ден астам пәтер беріледі

0
2 619

2019 жылы 5 қабатты, 60 пәтерлі 10 тұрғынүйдің құрылысы басталады деп күтілуде.


​Кентауда жыл сайын 100-ден астам пәтер беріледі

Кентауда жыл сайын 100-ден астам пәтер беріледі. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев айтып өтті,деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Биылғы жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 27486 шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 167% артқан.

2018 жылы 10 айында Кентау қаласы бойынша 7 көп қабатты тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 2 нысантамыз айында толығымен қабылданып, пайдалануға берілді. 5 нысан 2019 жылға өтпелі. Көпқабатты тұрғын үй кешенінің жалпы сметалық құны 3 238,8 млн теңгені құрайды.

Ағымдағы жылы 2 қабатты қызметтік 5 үйдің құрылысы басталып, келер жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар 5 қабатты 60 пәтерден тұратын 10 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп, 2019 жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда.

Иқан және Шорнақ елді мекендеріндегі салынып жатқан екі қабатты 12 пәтерлік 2 тұрғын үйдің әрқайсысынан 1 пәтерден, Кентау қаласы ішіндегі 10 пәтерлік 1 тұрғын үйдің 3 пәтерін, Байылдыр, Хантағы елді мекеніндегі тұрғын үйлерден 1 пәтерден жалпы 7 пәтерді 7-20-25 бағдарламасы бойынша сату көзделген.