​Кентаулықтар әкімге WhatsАpp арқылы өтініш жолдай алады

0
1 174

WhatsАpp арқылы жазбаларға міндетті түрде жауаптар беріледі.


​Кентаулықтар әкімге WhatsАpp арқылы өтініш жолдай алады

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының әкімдігінің WhatsАpp желісі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желінің бұл түрі арқылы Кентау қаласының тұрғындары әкімдікке арыз, өтініш, құттықтау, тілектерін жолдай алады. Келіп түскен хабарламадағы жазбаларға міндетті түрде жауаптар беріледі және бақылауға алынады. Яғни, қала тұрғындарымен тікелей ватсап желісі арқылы байланысып орнатылып отыр. Кентау қаласының WhatsАpp желісіндегі нөмірі - 87077655101.

Жалпы, бүгінде әлеуметтік желі бойынша ақпарат тарату ісі үлкен қарқынмен дамып келеді. Қала әкімдігінде қазіргі кезде facebook парақшасы жоғары деңгейде жұмыс жасап келеді. Онда қаладағы жаңалықтар мен хабарландырулар, құттықтаулар және өзге де мәселелер тұрақты түрде жарияланып отырады. Одан бөлек қала әкімдігінің сайты да ашылған.

Қала тұрғындарымен ашық диалог орнатуды мақсат еткен әкімдік бастамасы көпшіліктен үлкен қолдау тауып отыр.