Кентаулықтар Елбасыға арналған кітап көрмесін тамашалады

0
1 389

​Мереке күніне орай сала қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды.


Кентаулықтар Елбасыға арналған кітап көрмесін тамашалады

ҚР Тұңғыш Президенті күні Түркістан облысы Кентау қаласында аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайына жиналған көпшілік Елбасына арналған кітап көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, «Елін сүйген, Елі сүйген – Елбасы» атты салтанатты іс-шараны тамашалады. Онда қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

- Өткен жылы Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Ал, биылғы жылы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаланы көпшілік назарына ұсынды. Түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан бағдарламалық мақалалар барша қазақстандықтар сияқты Кентау халқы тарапынан да бірауыздан қолдау табуы біз үшін қуанышты жағдай. Елбасы, Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегін ел-жұрты, туған халқы жоғары бағалайды. Біздің де Елбасына деген алғысымыз шексіз, – деді қала басшысы.

Салтанатты жиында қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев мерекелік құттықтауын жеткізді.

Іс-шарада қаланың саяса-әлеуметтік, мәдени дамуына үлес қосқан біршама сала қызметкерлері арнайы марапаттарға ие болды.