Кесене маңында қызды зорламақ болған күдікті бір айдан соң табылды

0
2 361

Түркістанда студент қызға азғындық әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды


Кесене маңында қызды зорламақ болған күдікті бір айдан соң табылды

ERNUR.KZ. Күдіктіні облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Оқиға бір ай бұрын Ясауи кесенесінің маңында болды. Куәгерлер қызды құтқарып, жедел жәрдем шақырды. Бұл көрініс әлеуметтік желіге жарияланып кетті, деп жазады Stan.kz.

Күдікті басқа облысқ өтіп кетуі мүмкін деген болжам болды. Полицейлер күдіктіні Алматы қаласынан тапты. Айыпталушыға қатысты «Зорлауға оқталу» және «Тонау» баптары бойынша іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Түркістанда бойжеткенді зорламақ болған күдікті іздестірілуде, деп хабар таратқан едік.