ХҚТУ: Мемлекеттік білім беру грантына түсе алмаған талапкерлерге 500 орын бөлінеді

0
4 595

Бұл гранттар ҰБТ-ға және кешенді тестке қатысып, жоғары ұпай жинап, Қазақстанның мемлекеттік білім беру грантына түсе алмаған талапкерлерге арналған.


ХҚТУ: Мемлекеттік білім беру грантына түсе алмаған талапкерлерге 500 орын бөлінеді

ERNUR.KZ. Облыс орталығы Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да мемлекеттік білім грантына үміткерлер конкурсы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жыл сайын жаңа оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Түркия Республикасы тарапынан 500 грант бөлінеді. Бұл гранттар ҰБТ-ға және кешенді тестке қатысып, жоғары ұпай жинап, Қазақстанның мемлекеттік білім беру грантына түсе алмаған талапкерлерге арналған.

Бұл орындарға министрліктің тізімі бойынша Қазақстанның барлық облыстарынан мынадай артықшылықтары бар талапкерлер қабылданады: «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия, республика деңгейлерінде жүлдегер атанған спорт саңлақтары. Әке-шешесі қайтыс болған тұл жетімдер мен мүгедектер талапкерлер де арнайы бөлінген орындардан қалған гранттық орындарды иелене алады.

Айта кетейік, мемлекеттік білім грантына18-26 шілде аралығында , 5-15 тамыз күндері Түркия грантына құжаттар қабылданады. Сонымен қатар, осы жылы ақылы негізде білім алушылардың төлемақысы төмендетіледі.

Құжаттар қабылдау мекен жайы: Түркістан қаласы Б.Сәттарханов даңғылы 29, 2-оқу ғимараты.